Кеңес Рақышев Fincraft Group арқылы KASE-ге 20 млн доллар тартуды жоспарлап отыр

Кәмшат Тілеухан 03 нау. 2025 15:11 533

Кәсіпкер Кеңес Рақышев өзінің Fincraft Group компаниясы арқылы KASE-ге 20 млн доллар тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы қаржылық топ биржаны хабардар еткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржылық топ "айналым мерзімі 12 айдан аспайтын" қамтамасыз етілмеген купондық облигацияларды шығаруға ниетті. Мұндай шешімді Fincraft Group ЖШС-нің жалғыз қатысушысы Кеңес Ракишев қабылдады, деп жазады Kapital.kz.

Айта кетсек, Кеңес Рақышев өз портфелінен тау-кен ғана емес, сонымен қатар қаржылық активтерін де біртіндеп шығарып, олардан түскен табысты мұнай-газ активтеріне инвестициялауда. 2024 жылдың қазан айында кәсіпкер Fincraft Group осындай стратегия ұстанып отырғанын айтқан.

"Біз тереңдете өңделген түрлі мұнай өнімдеріе, яғни қосымша құн салығы жоғары тауарларға назар аударғымыз келеді", - деген еді ол.

Мысалы, 2023 жылдың қыркүйегінде Fincraft Resources KASE-ге "ИндерГипс" ЖШС-дағы 100% үлесін сатқанын хабарлады. Ал 2024 жылдың қаңтарында Кеңес Ракишев Fincraft Resources арқылы Nomad West oil мұнай және ілеспе газ өндіру компаниясында 50% үлеске ие болды. 2024 жылдың желтоқсанында Кеңес Рақышев мұнай-газ саласындағы Tethys Petroleum Limited-тің 7,35% акцияларын сатып алатынын мәлімдеді. Келісім шарттарына сәйкес, акциялар бір қағаз үшін 0,7719 канадалық долларға сатып алынбақ. Жалпы мәміле құны 6 млн 518 мың канадалық доллардан асады.

"Мәмілелер белгілі бір рұқсаттарды алуға байланысты 2025 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады деп күтіледі", - делінген топтың хабарламасында.

2024 жылдың қазан айында қаржылық топ 30 миллион 959 мың 133 жай акцияны сатып алу ниеті барын жариялады, бұл - шығарылған акциялардың жалпы санының 26,95%-ы.

"Қазіргі уақытта Fincraft 23 млн 009 мың 133 қарапайым акцияларды сатып алып үлгерді. Ағымдағы мәміле аяқталғаннан кейін топқа тиесілі немесе жанама меншіктегі қарапайым акциялар саны 39 млн 402 мың 531 құрайды, бұл - Tethys Petroleum Limited-тың шығарған акцияларының жалпы санының 34,31%-ы", делінген қазан айында.

2024 жылдың маусым айында Кеңес Рақышев БТА-ның еншілесі – БТА Беларусьты қазақстандық кәсіпкер Сұлтан Мареновқа "SNRG Capital Eurasia" ЖШС арқылы сатты. Мәміле сомасы 230 млн теңгені құрады. Кейінірек банк атауын "Нео Банк Азия" ЖАҚ деп өзгертілді (Neo Bank).

Сол жылдың желтоқсанында Fincraft Group БТА Банктің 29,64043% акцияларынан ажырады.

"Бұл мәміле холдингішілік мәміле болып табылады: "БТА Банк" АҚ акцияларының бір бөлігі Fincraft Group құрылтайшысы Кеңес Ракишев түпкілікті бенефициары болып табылатын компанияның басқаруына берілді. Сондай-ақ бұл "БТА Банкі" АҚ біздің компания үшін бейіндік актив болуды тоқтатқандығына байланысты", деп хабарлады Fincraft Group баспасөз қызметі.

Жасалған осы мәміледен кейін Кеңес Рақышев әлі де "БТА Банкі" акцияларының 100% пакетінің иесі болып қала беретіні нақтыланды: оған банктің дауыс беретін акцияларының 70,07%-ы және жалғыз құрылтайшы болып табылатын компания арқылы дауыс беретін акциялардың 29,64043%-ы тікелей тиесілі. 2019 жылы ол БТА банкін (Қырғызстан) сатты, ол 2020 жылы жергілікті "Бақай банкімен" біріктірілді.

Ал БТА Банкі (Украина) және "Казникель" ЖШС бойынша сату процесі әлі жүріп жатыр.

БТА банкін (Украина) сату туралы мәміле жақын арада жабылуы мүмкін. Fincraft Group-тың 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есебінде, "2022 жылғы қазанда авансы төлене отырып, "БТА Банк" ЖАҚ (Украина) 100% акцияларының сатып алу-сату туралы алдын ала шарт жасалды". Келісімшарт кіммен жасалғаны және мәміленің басқа мәліметтері беймәлім. 2024 жылдың қыркүйегінде Fincraft Group компаниясы арқылы Кеңес Ракишев "БТА Украина" ЖАҚ-ты сатуда алдағы мәміле бойынша алдын ала төлемді, яғни 4,5 млрд теңге алғаны белгілі болды.

Fincraft Resources есебінде, 2023 жылдың шілдесінде "Қазникель" ЖШС-ны сату туралы шешім қабылдағаны хабарланды.

"Қазникельдің 100% жай дауыс беруші акцияларын BMT Nico жекеменшік компаниясына (ол Fincraft Resources тобына кіреді) сату жоспарлануда. Тиісті құжаттарға қол қойылды. Сауда процесі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп күтіледі", делінген топтың қаржылық есебінде. 2024 жылдың қазан айында өз сұқбатында Кеңес Рақышев компанияны шетелдік инвестор сатып алатынын айтты.

 Fincraft Group-тың соңғы бенефициары Кеңес Рақышев болып табылады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар