Атап айтқанда, табиғи газбен қамту бойынша 11 нысан, ауыз суға арналған 11 нысан, 3 сапалы электр желісінің нысандары бой көтереді.
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Онда құрылыс нысандарының сапалы және мерзімінде ел игілігіне тапсыру кажеттілігі айтылып, бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, Алпамыс батыр ауылдық округінің Ақжол және Қауыншы елді мекендерімен қатар, Бозай ауылдық округінің орталығында ауыз сумен қамту жүйесінің құрылысы басталды. Жаңа нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ Қошқарата ауылдық округінің 9 елді мекені биыл табиғи газбен қамтылады. Ал, Ошақты ауылдық округінің орталығындағы 4 көшеде сапалы электр желісі жүргізіледі.