Өткен жылы Кеген ауданында екі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Соның бірі – осы «Ақбастау» мәдениет үйі. Нысанның салтанатты ашылуына арнайы қатысқан аудан әкімі Талғат Байеділов ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, өнер шаңырағына заманауи дыбыс күшейткіш аппаратын сыйға тартты. Сондай-ақ алдағы уақытта керекті құрал-жабдықтарды алуға қосымша қаражат бөлінетінін айтты.
Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Марат Тақабаев мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізген мердігер мекеме «Энерго Строй Проект» ЖШС-нің директоры Сейітжан Жұмахановқа тұрғындардың алғысын жеткізді.
Атап өтсек, «Ақбастау» мәдениет үйі «Жұмыспен қамту жол картасы» негізінде күрделі жөндеуден өткізілді. Қайта жаңғыртуға 307,7 млн теңге бөлінген, құрылысты жүргізген – «Энерго Строй Проект» ЖШС. Ғимаратта би залы, бокс залы, спорт зал, сахнасы безендірілген үлкен мәжіліс залы, кітапхана бар.
Жалпы Алматы облысында 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 14 мәдениет үйіне жайта жаңғырту жасалған, соның 2-еуі – Кеген ауданында (Ұзынбұлақ, Тасашы ауылдары).