Kaspi.kz қосымшасы арқылы «Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы, Психикалық денсаулық орталығынан науқастарды динамикалық бақылау (не динамикалық бақылаудың жоқтығы) туралы және «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан наркологиялық науқастарды динамикалық бақылау (не динамикалық бақылаудың жоқтығы) туралы анықтамаларды алуға боладыү Бұл – құжаттар жұмысқа орналасқанда немесе оқуға түскенде, жүргізуші куәлігін алғанда немесе виза алғанда қажет болады.
Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
– Біз үздік Kaspi.kz қосымшасы арқылы қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу деңгейін кеңейте бермекпіз. Цифрлық даму министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, тағы бір тамаша сервисті іске қостық. Енді сүйікті клиенттерімізге анықтама жинауға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Енді оларды тура үздік Kaspi.kz қосымшасында онлайн режимде алуға болады. Бұл – мемлекет пен бизнестің қазақстандықтардың күнделікті міндеттерін шешуді жеңілдету үшін күш біріктіруінің тағы бір табысты мысалы, – деп Михаил Ломтадзе жаңалығымен бөлісті.
Өз кезегінде ҚР Цифрлық даму министрі Мусин Бағдат:
– Азаматтар цифрлық технологиялардың барлық артықшылықтарын пайдалануы үшін қазақстандықтардың арасында танымал Kaspi.kz сервисі жетілдіріліп, көптеген құжаттармен толықтырылуда. Естеріңізде болса, бұрын жұмысқа орналасқан кезде немесе жүргізуші куәлігін алу үшін 3 жерге барып, психо, наркодиспансерлерден, туберкулез орталықтарынан анықтама жинау керек болатын. Енді мұның бәрін Egov mobile қосымшасында бір-екі рет басып қана алуға болады. Бұрын да айтып өткеніміздей, алушыларға ыңғайлы болу үшін біз басқа қауіпсіз сервистермен бөлісеміз. Бүгінгі таңда бұл мәліметтер Kaspi.kz-те қолжетімді. Біз мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы пайдалану үшін және алу үшін ірі қаржы институттарымен және жетекші технологиялық елдермен жемісті ынтымақтастығымызды жалғастырамыз, – деді министр.
Ал Денсаулық сақтау вице-министрі Есенбаев Бейбіт: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әртүрлі платформалар арқылы азаматтардың денсаулық жағдайы туралы қажетті мәліметтерді ұсыну тәсілдерін көбейтіп жатыр. Азаматтарға ақпарат беру үшін мәліметтер мен платформалардың тізбесін одан әрі кеңейтуге дайынбыз. Осы платформада іске қосу – азаматтарға мәліметтерді беру кезеңдерінің бірі. Біз азаматтардың өздерінің медициналық деректеріне қол жеткізу құқықтарын іске асырамыз» деп ойын ортаға салды.
Алынған анықтамалар Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қолжетімді. Анықтамаларды көруге, жүктеп алуға немесе қажетті адресатқа электрондық поштамен немесе мессенджермен жіберуге болады.
Kaspi.kz суперқосымшасын 12 миллионнан астам қазақстандық ай сайын пайдаланады.«Мемлекеттік қызметтер» бөлімі арқылы қазақстандықтар өздерінің цифрлық құжаттарына қол жеткізе алады, көлікті қайта тіркейді, жәрдемақы алады, салық төлейді, жүргізуші куәлігін ауыстырады және бизнесін тіркейді.