Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Данияр Хайрушевтің ұсталғаны белгілі болды

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Данияр Хайрушевтің ұсталғаны белгілі болды
Данияр Хайрушев. Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Данияр Хайрушевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Tengrinews.kz басылымының жазуынша, Данияр Хайрушев биыл мамыр айында әскердің жоғары жауынгерлік әзірлігін сақтауға қосқан үлесі және қызметіндегі жетістіктері үшін Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі бес лауазымды тұлғаның ұсталғаны хабарланған еді.

Олар қызметке салғырт қарау және корабль жүргізу қағидаларын бұзу салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікке ілінген.

Кейін Ішкі істер министрлігі іске қатысы болуы мүмкін басқа да тұлғалардың шеңберін анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.