Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған сарбаздың жағдайы белгілі болды

Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған сарбаздың жағдайы белгілі болды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығудан кейін ауруханаға жеткізілген сарбаз Ақжол Темірәлиевтің қазіргі жағдайы тұрақты. Бұл туралы ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, 2007 жылы туған Ақжол Темірәлиев оқиғадан кейін медициналық көмекке жүгінген әскери қызметшілердің бірі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде сарбаздың денсаулық жағдайына қатысты түрлі ақпарат тараған еді.

Азамат Сәрсенбаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта Ақжол өздігінен жүріп, тамақ ішіп, сөйлесе алады.

"Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Енді жігітке қалпына келіп, өз-өзіне келу қажет", – деп жазды ол.

Қазір сарбаздың жағдайы бақылауда. Оның денсаулығына қатысты ресми ақпарат тиісті органдар тарапынан нақтылануы мүмкін.