Каспий құбыр консорциумының жұмысы толық тоқтай ма? Министрлік жауабы

Каспий құбыр консорциумының жұмысы толық тоқтай ма? Министрлік жауабы
жи: dalanews

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында КҚК жұмысының толық тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Алайда мұндай сценарий қарастырылып отырған жоқ.

31 шілде күні КҚК мұнай құбырының жұмысын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасуда.

1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Мұнайды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты болады.

Министрдің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаеваның сөзінше, Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізуде. Қалыптасқан жағдай тұрақты бақылауда.