Kaspi банк техникалық ақау үшін 5 пайыздық бонус сыйлайды

Dalanews 29 қаз. 2020 02:17 786

Kaspi банктің мобилді қосымшасының техникалық себептерге байланысты істемей қалуы жұртты әбігерге салғаны белгілі. Осыдан кейін әлеуметтік желіде банкке кибер шауыл жасалыныпты деген ақпарат желдей есіп, елдің күмән-күдігін одан сайын зорайта түскені жасырын емес. Банк өкілдері мұның техникалық ақу екенін айтқаннан кейін көңіліміз орнына түскені анық.

Алдағы уақытта банк басшылығы мұндай жағдайлардың алдын алып, қосымшасын дамытып отыруы маңызды.

– Банкте техникалық ақау шыққаны айтылса, обьективті түрде түсіністікпен қарау керек. Өйткені мұндай жағдай кез келген мекемеде болады. Мұндайда сабыр сақтаған жөн. Ал абдыраған халық қайта-қайта қосымшаға кірген сайын, жүйені қатырып, жұмысты қиындатып жіберді. Қаражатыңызды тек картада ұстамай, үнемі қолма-қол ақшаңыздың да болғаны дұрыс, – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қаржы қызметі тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.


Таңертеңгі уақытта халық кең қолданатын Kaspi.kz қосымшасы істен шыққаны белгілі. Жұртшылықтың жүйеге кіруі қиындап, операциялар тоқтады. Соның салдарынан ел арасында түрлі жалған ақпараттар желдей ескен.

Алайда банк өкілдері қауесетке сенбеуге шақырып, тек қана техникалық жүйенің сыр бергенін айтқан. Қазір тұтынушылар әдеттегідей Kaspi.kz-тің барлық қызметін қолдана алады. Бұған қоса, кеткен қателік үшін банктегілер көпшіліктен кешірім сұрап, 29-қазан мен 4-қараша аралығында әр сатып алушыға 5 пайыздық бонус бермек.

Бұл  Kaspi Gold және Kaspi Red-пен Kaspi QR арқылы төлемге. ІТ жетекші мамандар тек ресми ақпаратқа сүйену керектігін ескертеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар