Кәсіпкерлер мектеп асханаларын арзан әрі сапасы күмәнді өнімдермен толтыруға мәжбүр – депутат

Көркем Алдабергенова 12 жел. 2025 17:08

Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлер ауыр жағдайға тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың айтуынша, 2025 жылдың 4 наурызынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген жаңа тамақтану стандарты күшіне енді. Құжатта ет, құс еті, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, жарма және басқа да санаттар бойынша тұтыну нормалары айтарлықтай арттырылған.

Алайда Смолякованың сөзінше, жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктер өнімдерді осы жаңа талаптарға сай сатып алуға және тамақтануды ұйымдастыруға қауқарсыз. Өйткені қаржыландыру деңгейі өзгермей, бұрынғы қалпында қалып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар