Алматы қаласының "Алматы бас жоспары" алаңында кәсіпкерлермен бизнесті қорғау мәселесі бойынша кездесу өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов, мемлекеттік органдардың басшылары және түрлі қызмет салалары бойынша бизнес өкілдері қатысты.
Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, сыбайлас жемқорлық көріністеріне "мүлдем төзбеушілікті" қалыптастыру бойынша бірлескен күш-жігер қажет.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бүгінде заңға бағынатын, бәсекеге қабілетті бизнесті сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау бойынша жан-жақты шаралар қабылдау қажет. Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық пен парақорлық үшін негізді жою бойынша қадамдар жасауы тиіс", - деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.
Өз кезегінде, превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы екенін айтып, қаланың бизнес ахуалын жақсарту мақсатында одан әрі табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді.
Кездесу соңында кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері талқыланды, мемлекеттік органдардың өкілдеріне әкімшілік кедергілерді жою және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Кеңеске қатысушылар бизнес-қоғамдастықтың барлық айтылған идеялары мен ұсыныстары ескерілетінін атап өтті.