Кәсіпкер Данияр Әбілғазин Грекия аралындағы өртке қатысты жауап берді

Сағыныш Сардарова 01 шіл. 2024 10:13 2911

Кәсіпкер Данияр Әбілғазин Грекия аралындағы өртке қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кәсіпкердің мәлімдемесін Forbes Kazakhstan жариялады.

Ол яхтаны жалға алғанын мойындады. Дегенмен кәсіпкердің сөзінше, болған төтенше жағдайға ешқандай қатысы жоқ.

"Түсінікті болуы үшін айтайын, "Персефони I" яхтасын 2024 жылдғы 15 маусымда сағат 12.00-ден (түстен кейін) 2024 жылғы 22 маусым сағат 12.00-ге дейін Грекия аралдарында өзіме, қонақтарыма круиз ұйымдастыру үшін жалға алдым. Бұрыннан кететін уақытымыз 22 маусымға жоспарланған еді. Грекиядан кетер алдында бізбен Грекия билігінің өкілдері сөйлесті, олар маған немесе менің қонақтарыма осы оқиғаға байланысты ешқандай шағым айтпады. Осылайша біз алдын ала жоспарланған саяхат жоспарымен жүрдік. Кейбір қонақтар 2024 жылы 21 маусымда таңертең кетіп қалған еді.

Қайта оралғаннан кейін баспасөзде айтылып жатқан айыптарды білу күтпеген жайт болды, қандай да бір құқықбұзушылық жасалғанын үзілді-кесілді жоққа шығарамын. Мен де, менің қонақтарым да аяғы өртке әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасаған жоқ. Біз яхтадағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтадық. Мен де, менің қонақтарым да яхта экипажынан немесе басқа адамдардан арты өрт әкеп соғуы мүмкін қандай да бір әрекеттерді жасауды сұраған жоқ. Біз әрқашан қауіпсіздік шараларын және мұндай оқиғаларды болдырмау үшін нормаларды қатаң сақтаймыз. Біз грек билігімен олар жүргізетін тергеу аясында ынтымақтасамыз", - деді кәсіпкер.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.

"Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған", - деп жазылған ведомство хабарламасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар