"Камераға ойнайды". Әбілқасымова депутаттарды сынап тастады

Көркем Алдабергенова 19 ақп. 2024 10:13 2706

Экс депутат Ақбөпе Әбілқасымова мәжіліс депутаттарының өзін-өзі ұстауын сынап тастады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мәжіліс отырысынан бірнеше видео көрдім. Жаңа Қазақстаннан да, ескі Қазақстаннан қалған депутаттар да эмоционалды түрде сөйлеп отырады. Мысалы жақында министрлердің Қала құрылысы кодексіне қатысты және заң жобасы бойынша ұсыныстарын айтып, есеп берген министрлердің видеосын көрдім. Сол жердегі комиссияның кеңейтілген отырысында төраға болып отырған Мәжіліс депутаты Мэлс Елеусізовтің сөзін өте дөрекі бөліп жіберді", - дейді Әбілқасымова.

Ол депутаттар этика кодексіне мән беруі керегін, ал отырыста болған нәрсе нағыз дөрекілік екенін айтады.

"Депутаттар заң шығарушы тармақтың өкілдері екенін, ал министрлер – атқарушы биліктің өкілдері екенін ескерген жөн. Биліктің екі өкілінің де құқығы тең. Бірнеше мерзім бойы депутат болып отырған депутаттарға қарағанда көп министрдің құзыреті жоғары. Депутаттар министрлерді халық жауы секілді көрсеткісі келетіндей немесе жұмыс істеп жатқанын көрсетіп, камераға ойнататындай көрінеді. Неге "жұмыс істеп жатқандай"? Себебі шын мәнінде айғайлап, ұрсысып алып, артынан сол министрлерді ҚОЛДАП дауыс береді. Оның үстіне халықты билікке де, өздеріне де қарсы қойып қояды. Меніңше, әркім қай қызметте отырса, өзін сол қызметке сай ұстауы керек, эмоцияны сыпайы түрде де жеткізуге болады. Халыққа қандай үлгі көрсетіп жатырсыздар? Дөрекілік таныту дұрыс нәрсе ме? Ертең халықпен кездескенде олардан да сондай байланыс байқауларыңыз мүмкін. Себебі сондай үлгі көрсеткен өздеріңіз", - дейді экс депутат.

Әбілқасымова этикалық кодексті іс жүзінде қолдану керегін атап өтті.

"Министрлер мен әкімдер журналистің жұмысына кедергі жасап, сүйісіп кетеді, депутаттар министрлерге ашық түрде дөрекілік танытады, адамдарды күлдіретіндей циркке жұмыс істеуге келген жоқсыздар ғой. Бірнеше рет жауапқа тарту керек, сол кезде бәрі түсінеді", - дейді Ақбөпе Әбілқасымова.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар