Кабинетінде қыз зорлап, сотталған полицей жазасын жеңілдетпек болған

Көркем Алдабергенова 06 там. 2024 14:26 3049

Талдықорғанда қалалық полицияның бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты апелляциялық соттың шешімі жарияланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы бұрын қыз зорлау дерегі бойынша сотталған бұрынғы жоғары шенді полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Кабинетінде қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев үкіммен келіспейтінін айтып, 17 шілдеде сотқа апелляциялық шағым түсірген. 

2023 жылғы қарашада Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды. Кейінірек жәбірленушінің адвокаты оқиғаның егжей-тегжейін айтты. Оның айтуынша, 2023 жылдың 12 қарашасында ішкі істер басқармасына қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен Талдықорған тұрғыны жеткізіліп, кейін ол бастықтың қызметтік кабинетінде зорлық көрген.

Биыл сәуірдің аяғында сот үкімі бойынша Күштібаев кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол марапаттарынан және "полиция полковнигі" арнайы атағынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар