"Жиған-тергенін Сингапурге тасиды". Қазақтың шенділері капиталын қайда тығатыны белгілі болды

Dalanews 29 шіл. 2021 08:20 872

Қазақстандық шенеуніктер қаржысын көбіне Сингапурде сақтайды. Ал жылжымайтын мүлікті Ресейде сатып алғанды жөн көреді, деп хабарлайды Dalanews.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

Биыл Кіріс және мүлік декларациясын 465 мың жеке тұлға тапсырған. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, соған теңестірілген азаматтар және олардың жұбайлары бар.

Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, табысын жария еткен 465 мың тұлғаның 117-сі шетелде шот ашқан. Басым бөлігі Сингапурде. Қаржысын Лихтенштейн княздігі мен Ресейде сақтайтындар да аз емес.

Қазақстандық шенеуніктердің Сингапур банктерінде 1 млрд.қа жуық теңгесі сақталған.  Ресейдегі жинақтары 476 млн-ға жетеғабыл. Ал Лихтенштейн Княздігі банктеріндегі ақша 426 млн теңгеден асады.

Сондай-ақ сырт мемлекеттерде қазақстандық шенеуніктердің атына 221 жылжымайтын мүлік тіркелген. Оның 90 пайызға жуығы Ресейде орналасқан.

Бұдан бөлек 333 шенеунік шетел мемлекеттерінде құзырлы органдарға тіркелген 392 көлігі туралы мәлімет ұсынған.

Бір қызығы, мемлекеттік қызметшілердің өз елімізде қандай мүлкі бары белгісіз.


"Оны жариялау туралы декларацияда талап жоқ", - дейді комитет өкілдері.

...

Бұдан бұрын Dalanews.kz-ке пікір білдірген Қазақстанның экс-премьері Әкежан Қажыгелдин қазақ байларының шетелде жасырған капиталын іздестіріп жатқанын айтқан.

“Ақпаратты жинастыру, сараптан, сүзгіден өткізу бар, мұның бәрі ұзақ жұмыс. Ұрланған ақша Қазақстанға қайтуы керек. Бұл үшін Батыс елдеріне ақшаны кім, қандай жолмен ұрлағанын дәлелдеу қажетпіз.

Басы ашық дүние: қазіргі жүйе жасап тұрғанда желінген ақша елге оралады деп дәмеленбеңіз. Демократиялық ұстанымдағы, жемқорлықтан ада жаңа басшылық билік келгенде ғана қайтады”, – деген еді ол.

Оның пікірінше Назарбаев әулеті мен экс-президенттің шарапатын көрген шенділер шетелдегі қаржысын елге қайтарса, Қазақстанның әрбір азаматына ай сайын 200-300 доллардан жалақы төлеп тұрарлық жағдайымыз бар.

https://dalanews.kz/sadak/60052-ar-norvegting-shotynda-190-myng-dollar-bar

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар