ЖИ мұғалімді алмастыра алмайды – Рауан Кенжеханұлы

Самал Асқар 24 ақп. 2026 21:14

Жасанды интеллект білім беру саласында қарқынды дамып жатқанымен, ол мұғалімді толық алмастыра алмайды. Бұл туралы Рауан Кенжеханұлы Freedom Talk алаңында айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Оның пікірінше, персонализация, синхронды және асинхронды цифрлық технологиялар оқу процесін тиімді ұйымдастыруға қабілетті. Алайда мектеп – тек білім беретін орын емес.

«Мектеп – бұл баланың мұғаліммен және құрдастарымен қарым-қатынас жасайтын ортасы. Әлеуметтену, пікір алмасу, ортаға бейімделу, мұның бәрі тұлғаны қалыптастыратын маңызды факторлар. Сондықтан мұғалімді технологиямен алмастыру мүмкін емес», – деді Рауан Кенжеханұлы.

Оның айтуынша, мектептегі тірі коммуникация баланың эмоционалдық интеллектісін, жауапкершілігін және командалық жұмыс дағдыларын дамытады. Ал жасанды интеллект бұл процесті толық көлемде қайталай алмайды.

Сарапшының сөзінше, болашақта технологиялар мұғалімнің көмекшісіне айналуы мүмкін, бірақ оның орнын баспайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove