Бір сағатқа конференц-зал шығармашылық алаңға айналды, кескіндемелеріне үңіліп әркім өз қиялдарын, жаздық демалыстарын суреттеуге кірісті. Арманда жүрген елге, аралға, қалаға барғанын елестетіп суретке айналдыруды өнер сабағының мұғалімдерінің нұсқауларымен оңай да қызықты болды. Соңында әр қонақ өз кескіндемесін ағылшын тілінде суреттеп, караокемен ән айтылды.
– Бүгін алған әсеріміз керемет болды. Бірінші рет қолыма қылқалам алып сурет салдым. Тынығып, күнделікті тіршіліктен дем алып қалғандай болдық. Ұйымдастырушыларға, мектеп директоры Гүлмира Бақытбекқызына көп рахмет, – деп бөлісті “Қазақ әдебиеті” газетінің арт-редакторы Марат Сәбдікен.
– Шара өзінің креативтігімен, ерекше бағытымен қызықтырды. Тек саусақтарымызды қозғалтпай, миымызды да шынықтырып ағылшын тілде , әнді де айтып үлгердік. Мұғалімдерге зор алғыс,– деді “Жібек жолы” телеарнасының редактор-продюсері Гүлнүр Байменова.
– Елдегі балаларға озық үлгіде білім беріп отырған Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS ұстаздары мен басшылығына, журналистер қауымына, ресми ақпаратын ұсынып отыратын баспасөз кызметіне бүгінгі шара үшін алғысымыз шексіз. Төртінші билік өкілдерін шақырып, керемет арттерапия және ағылшын тілінде дәріс ұйымдастырып, жан дүниемізді рухани байыттыңыздар. Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын,– деп ағынан жарылды “Евразия” арнасының редакторы Әріпжан Али.
Шара соңында NIS директоры Гүлмира Бақытбекқызы жиналған қонақтарды келе жатқан төл мерекелерімен қүттықтады, жұмыстарына табыс тіледі және жыл бойы серіктестік танытып жүрген журналистерге алғыс хат табыстады. Қонақкәде ретінде оқушылардың техноторияда жасақтаған NIS белгісі сыйға тартылды.