Журналист Ерболат Мұхамеджан жаңа қызметке тағайындалды

Көркем Алдабергенова 10 қар. 2025 13:28

Журналист Ерболат Мұхамеджан ҚР Президенті Телерадиокешені директорының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Дарын» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, журналист әрі продюсер Ерболат Мұхамеджан ұлттық телеарналардың басым бөлігінде жұмыс істеп, авторлық аналитикалық және білім беру жобаларын жасаған.

Оның білім беру саласында және мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибесі бар. Bloomberg TV арнасында тағылымдамадан өткен және халықаралық журналистік бағдарламаларға қатысқан. «Уәде» телевизиялық жобасының авторы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар