Журналист Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуімен интим сипаттағы фото-видео үшін соттасқан

Сағыныш Сардарова 10 қаз. 2024 12:47 4187

Журналист Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуімен интим фото-видеоларды жариялағаны үшін соттасқан, -  деп хабарлайды Dalanews.kz.

2019 жылы Дана Нұржігіт екінші рет тұрмысқа шығып, 2022 жылы ерлі-зайыпты екіге кеткен.

«Өмірімде алғаш рет ол қоңырау шалмауы, жақындамауы үшін қорғаныс туралы бұйрық шығарылды. Елестетіп көріңізші, бассейнде жүзіп жүрсем, сүңгіп кетсем, сол адам алдымда тұрады. Ауруханада, көшеде де сондай жағдайлар болуы мүмкін еді. Тыныш жүре алмадым, барлық жерде аңдып жүргендей күй кештім. Желіде парақшамда, шынайы өмірде, эфирден кейін бұл қорқынышты түстей болды. Дәл осындай күйді 2022 жылдың екінші жартысынан бастап 2023 жылы да басымнан кештім, 2024 жылы 13 маусымда үкім күшіне енді», - деді Дана Нұржігіт журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

Журналистің айтуынша, ажырасқан соң бұрынғы күйеуі қыр соңынан қалмаған. Ақыр аяғында тележүргізуші полицияға және психотерапевтерге жүгінуге мәжбүр болған.

«Бас прокуратурада ҚР ҚК-не киберсталкинг терминін енгізу қажет екені айтылды. Қатты қуандым, бірақ өзім осылай өмір сүріп жатқанымды ешкімге айта алмадым. Оның үстіне шынайы өмірде түрлі қиын жағдайларға тап болдым, біресе Е-өтініш платформасында мені жамандайтын нәрселер жазды. Ал Е-өтініш — істі қарауға міндетті уәкілетті орган және мені осы істі талқылауға шақырды, олар азаматтардың хаттарын қарауға міндетті», - деді Дана Нұржігіт.

Оның сөзінше, бұл жағдайдың бәрі оның денсаулығына да кері әсерін тигізген.

«Бұл оқиға мені сүйікті кәсібім мен денсаулығымнан айырды. Эфирге шыға алмадым, қатты күйзелдім, күйредім», - деді журналист.

Сонымен бірге, сұхбатта Дана Нұржігіт сталкинг тақырыбын және онымен қалай бетпе-бет келгенін айтты.

Журналист бұрынғы жұбайымен интим сипаттағы материалдарды жариялағаны үшін соттасқаны белгілі болды. Ол сотта бұрынғы күйеуінің кінәлі екенін дәлелдеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар