Жұмыс орнында қайтыс болған оралдық судьяның ұлы 48 миллион теңге өндіріп алды

Көркем Алдабергенова 07 мау. 2024 10:01 4237

Жұмыс орнында қайтыс болған судьяның ұлы 48 миллион теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Оралдағы қалалық соттың судьясы Нұрлан Губаев былтыр 10 наурызда қайтыс болған. 55 жастағы ер адам жұмыс орнында кенет өзін нашар сезіне бастаған. Судья жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен. 

Қайғылы оқиғаны тергеу бойынша комиссия жазатайым оқиға жұмысымен байланысты емес екенін және есепке алынбайтынын айтқан. Нұрлан Губашевтың өліміне "жүрек тампонадасымен асқынған көтерілетін қолқа доғасының неврозмасы, көтерілу доғасының аневризмасының жарылуы" себеп болды.

Нұрлан Губашевтың ұлы комиссияның бұл шешімімен келіспей, сотқа жүгінген. Ол судья ұлын жалғыз тәрбиелегенін атап өткен. Сонымен қатар, әкесінің өлімі қызметімен байланысты екенін растап, алпыс айлық жалақысы - 48 миллион теңге өтемақы ретінде беруді сұраған. Судьяның жалақысы 800 789 теңге болған. 

Сот іс материалдарын зерттеп, № 2 сот судьяның ұлының өтінішін қанағаттандырып,Губашевтың өлімі қызметімен байланысты екенін мойындаған. Осылайша марқұм судьяның 48 миллион теңге өндіріп алды.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар