Жұмыс кестесі тығыз: Ақорда президенттің осы аптадағы жоспарын айтты

Көркем Алдабергенова 26 мам. 2025 11:14

Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жоспарын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақорда мәліметінше, осы аптада Астанаға бірінен соң бірі шет мемлекеттің басшылары келейін деп жатыр.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі өте тығыз.

28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда Президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді.

28 мамырда Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Төрағасы Анке Релингермен кездесу өтеді.

28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновская-Давкова жұмыс сапарымен келеді.

28-29 мамырда Астанаға Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді.

29 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

30 мамырда елімізге Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді.

31 мамырда Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар