Қарағандыдағы жалдамалы пәтерден екі жігіт өлі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, денелерінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ 18 және 15 жастағы екі тұрғынның сүйегі табылып, қылмыстық іс қозғалған.
"Полиция оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Істің барысы Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Тексеріс нәтижелері мен тергеу амалдарының қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
