Жұманғарин кейбір компаниялар АХҚО-ға тіркелу арқылы салықтан жалтарып жатқанын айтты

Жұманғарин кейбір компаниялар АХҚО-ға тіркелу арқылы салықтан жалтарып жатқанын айтты
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі

Вице-премьер Серік Жұманғарин бүгін Сенатта жаңа Салық кодексінің талқысы барысында салық төлеуден жалтару фактісінің алдын алу үшін АХҚО-ның салық режимін қайта қарау керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Біз салықтарымыздан айрылып жатырмыз, өйткені АХҚО Қазақстан ішіндегі қандай да бір офшорға айналуы мүмкін", - деп мәлімдеді вице-премьер.

Оның айтуынша, отандық компаниялардың бірі өзінің бас кеңсесін холдинг арқылы АХҚО-ға ауыстырды, салдарынан республикалық бюджет 200 млрд теңгеден астам КТС және ҚҚС-ты жоғалтты. Жұманғарин бұл алаңдатарлық құбылыс екенін және аталған олқылықты түзеу қажеттігін баса атап өтті.

Вице-министр қазақстандық заңды тұлғалар АХҚО-ға қатыса алатынын, бірақ мұндайда еліміз осыған дейін алып келген салықтан айырылмау керектігін айтты. Оның пікірінше, қажетті өзгерістердің мәні де осында болып табылады.

Аталған мәселелер АХҚО басшылығымен талқыланатын болды.