Премьер-министрдің орынбасары әрі Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Bloomberg басылымына сұхбат берді. Вице-премьер министр Ресейге қарсы санкциялар туралы жайлы да сөз қозғады.
Жұманғариннің айтуынша, аймақтағы негізгі жұмыс беруші болып отырған отандық компанияларға кесірі тиетін болса, Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларды ұстанбанбайды. «Өз өндірушілеріміздің саудасына тыйым салуға жол бермейміз» дейді министр. Мысалы Қазақстан шарикті мойынтіректерді сатуға тыйым салуға қосылмаған. Өйткені жергілікті зауыт оларды дәстүрлі түрде тек Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде қолданылатын спецификация бойынша шығарады.
Bloomberg материалында «Десе де, Қазақстан қалай болған күннің өзінде ережелерді әрмен қарай да сақтай береді. Себебі санкция салынатын болса, оны көтере алмайтынын ашық жеткізді» делінген.