Жүлдесі 5 млн доллар: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Жүлдесі 5 млн доллар: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Эр-Риядта өткен WTA Finals турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ол финалда Белорусь теннисшісі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:3, 7:6 есебімен жеңді. Бұл жеңісі үшін Қазақстан теннисшісі 1500 ұпай иеленді. Сонымен қатар, жүлдеге 5 млн доллар алды.

Турнир барысында Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швентектен де басым түскен.