Ақтөбе облысында шекарадан заңсыз өтпек болған 18 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҰҚК мәліметінше, жүк көлігінің тіркемесі арқылы өткізу бекетінен жасырын өтуге әрекет жасаған 18 шетел азаматы анықталған.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі дайындауға арналған, көлемі 5100 литр болатын прекурсордың ірі партиясы табылған.

