Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі қазақстандықтарды тұңғыш президент күнімен құттықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Instagram парақшасында жазба пайда болды.
"1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні. 1991 жылы дәл осы күні елімізде алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7% дауыс жинады. Бұл күн – Қазақстан тәуелсіздігінің тарихындағы маңызды белес. Сондай-ақ елде президент билігінің негізі қаланған күн", - деп жазылған elbasy_nazarbayev парақшасында.
Айта кетейік, 2022 жылдан бастап бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тасталды да, әдеттегі жұмыс күніне айналды.
Қазақстандықтар жазбаға жаппай пікір жазып жатыр:
"Тұңғыш президент күні құтты болсын! Елімізге тыныштық, әр отбасына молшылық пен береке тілеймін", "Өмір жасыңыз ұзақ болсын", "Мерекеміз құтты болсын", "Ғұмырлы болыңыз, ата".
