"Жоңғар пейілді адам...". Саясаткер экс-президент Назарбаевтың ең жаман мінезін айтты

Сағыныш Сардарова 05 ақп. 2024 11:56 11859


Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі, 4 мәрте Қаззақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты, 2 мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Серік Әбдірахманов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында тұңғыш президент қандай кекшіл адам екенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Оның сөзінше, кезінде ғалымдарға тістенген Назарбаев Ғылым академиясын құртып жіберген.



"2000 жылдардың басында Ғылым академиясына Президент сайламақшы болып, Өмірбек Жолдасбековті Назарбаев ұсынады. Ол жерде демократия бар ғой. Академиктер Жолдасбековті өткізбей қояды. Соған ызаланған, соған ренжіген Назарбаев Ғылым академиясын жерледі ғой, былай айтқанда, жоқ қылды. Қоғамдық ұйымға айналдырып жіберді. Қаныш Сәтбаев көтерген академия. Бүкіл Кеңес одағында дүрілдеп, табыстарымен көрінген. Бұл деген өте кекшіл адам. Енді бұл Қазақстанды жоқ қылады. Барлық әрекетті жасайды", - дейді ол.



Серік Әбдірахманов тұңғыш президенттен Қазақстанға қандай қауіп барын да айтты.



"80 пайыз байлықты Назарбаев және соның айналасы жұтып алған. Оны да мен сұхбаттарымда айттым. Енді бұл не істейді? Қазақстанда соған тиесілі байлықтың бір бөлігін Ресейге береді, бір бөлігін Америкаға береді, бір бөлігін Қытайға береді. Қазақстан жоқ болды деген сөз ғой. Байлығы жоқ, дауыс бермейтін халық. Нағыз құлдыққа сонда түсеміз. Сосын тағы бір кітап жазады: "мемлекет болмаған елді мемлекет қылып, құрастырып, аяғына тұрғызып ем" (деп - еск.). Тура Украинаның жағдайына алып келеді. Кегін алады. Халықты да кешірмейді. Қарғап, наразылыққа шығып, ескерткішін, суреттерін жойып, қарсы сөз айтып жатыр ғой. Осындай қауіп тұр. Тоқаевты қолдаймын, Тоқаевқа халыққа жақын болсын деп жүргенім - сол", - дейді ол.



Осылайша Әбдірахманов Назарбаевты ашық айыптады.



"Жоңғар пейілді Назарбаев. Нұршайтан. Қазақстанды жоқ қылды ғой. Біз деген арабтардан бай халықпыз ғой. Жеріміз сондай бай. Сондай байлықпен бізді кедейшілікке жеткізу... Кішкентай бір  ми болса, тарихта қалмайсың ба?! Шымшылап ал, аштан өлмейсің", - дейді Ескі Қазақстанның өкілі.





Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар