«ҚазАвтоЖол» компаниясы Қазақстанның үш өңіріндегі тас жолдарда ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz
Компания мәліметінше, 2025 жылғы 6 қазанда Абай, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр күтіледі.
"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.