Жол үстіндегі төбелес адам өлімімен аяқталды: Шымкентте күдіктілер іздестіріліп жатыр

Сағыныш Сардарова 21 қаң. 2026 09:54

Шымкент полицейлері 40 жастағы қала тұрғынының өліміне қатысты күдіктілерді іздеп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары арасында жанжал шығып, салдарынан оқиғаға қатысушылар пышақ жарақатын алған. Жәбірленушілердің бірі көз жұмды.

"Адам өлтіру жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шымкент қаласы Полиция департаменті күдіктілердің жүрген жерін анықтау және ұстау бойынша қажет шаралар қабылдап жатыр. Күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларына Полиция департаментінің барлық күші мен құралы жұмылдырылды", - деді өңір полициясы.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте көшедегі жаппай төбелес адам өлімімен аяқталғаны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove