Жол қозғалысының қауіпсіздігі — Түркістанда профилактика жұмыстары жүргізілуде

Dalanews 12 жел. 2018 07:29 773

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету — аумақтағы өзекті мәселелердің бірі.

Жол-көлік оқиғаларының туындауының тежеуші факторы ретінде бүгінгі таңда Түркістан тұрғындары арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетелік бұдан бұрын Түркістан қаласында Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысы жас инспекторларының 18-ші облыстық слеті өткізілген болатын. Жас инспекторлар қозғалысы топтарының қызметін жетілдіру, сонымен қатар, балалардың жол-көлік жарақатының алдын-алу жұмысын жандандыру мақсатында ІІД Жергілікті полиция қызметі, Білім басқармасы және «Қызыл Жарты Ай» қоғамының өкілдіктері мен облыстың ҚЖИ-ның қалалық және аудандық жеңімпаздары қатысқан еді.

Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының хабарлауынша мұндай шаралар алдағы уақытта да өткізілетін болады.


Мұндай өңірлік слетті өткізудің басты мақсаты — жолдағы балалар жарақатының алдын алу, балалармен жасөспірімдер арасында Жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау болып табылатын жол қозғалысы жас инспекторларының мектептегі топтарының қызметін ұйымдастыруға бағытталған.

Слетке қатысушылар саптық байқау, жол қозғалысы ережесінің белгілері, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас реттеуші, жас санитар, үгіт- насихат топтарының байқауы, тапқырлар (эрудиттер) турнирі, «Ашық үзіліс» байқауы бағыттары бойынша сынға түсетін болады.

Осының алдындағы байқауда 1-ші орынды Түркістан қаласы №24 жалпы орта мектеп оқушыларынан құралған «Жасұлан» командасы иеленген. Ал, 2-ші орынға Түлкібас ауданы Б.Сыдыков атындағы жалпы орта мектептің «Жасұлан» командасы ие болған.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар