«Мен осыдан бірталай жыл бұрын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін таңдадым. Таңдауыма негіз болған бұл оқу орны Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орны. 1928 жылы ашылды және әр түрлі ғылым салалары мен мамандықтар бойынша көп тәжірибе жинақталған. Педагогика мен оның әдістемесі саласы бойынша алған білімім осы күнге дейін сенімді маман болуыма көмектесті.Сол алған тәжірибеме сүйене отырып, жоғары оқу орнын қалай таңдауға болатыны жайлы төмендегідей кеңестер ұсынамын», - дейді Б.Жігітбекова.
Таңдаған жоғары оқу орны мен мамандықтың да аккредитациядан өткенді туралы ақпарат алу керек. Университеттің статусын және білім беру саласы нарығындағы өзін көрсете алу орнын білуде де маңызды. Сонымен қатар жоғары оқу орнының талай жылғы тарихы да сол жоғары оқу орнына деген сенімділікті арттырады.
Таңдаған оқу орнының білім беру бағдарламаларымен танысу. Ол бағдарламаларды игергенде «Қандай мамандық иесі болып шығамын?» -деген сұраққа жауап алу мақсатында таңдаған мамандықтың бағдарламаларымен танысыңыз. Есіңізде болсын, сіз таңдаған мамандықтың бағдарламалары басқа жоғары оқу орны бадарламаларымен бірдей болмайды. Сол себептен артықшылықтары мен кемшіліктерін таразыға салып, өз жүрегіңізден өткізе алу керек. Болашақта сүйікті мамандығығыңыздың иесі болуына мамандық бағдарламаларының практикаға бағытталып құрастырылуын да қадағалаңыз.
Жоғары оқу орны мемлекеттік немесе мемлекеттік емес пе оның да өзіндік ерекшелігі болады. Мемлекеттік жоғары оқу орындары мемлекеттік сұранысты қанағаттандыру мақсатында бюджеттік орындар көбірек бөлінуі мүмкін. Бірақ таңдау өз еркіңізде.
Ақылы бөлімде оқитын болсаңыз, оқу ақысының инфляцияға байланысты қанша пайызға өсіп отыратынын немесе ешқандай өсім болмайтынын анықтап алыңыз. Оқу ақысын төлеуде тиімді кесте яғни семестрге бөліп төлеу мүмкіндігі туралы да анықтау артық болмайды. Университет тарапынан берілетін жеңілдіктерді білу қажет.
Жоғары оқу орнының жатаханамен қамтамасыз ете алатыны жайлы мәлімет алыңыз. Жатаханада орынның да жеткілікті болуына назар аударыңыз. Жатахананың корпустан алыс орналаспауы да, сіз таңдаған оқу орны туралы жағымды сипат бере алады. Сонымен қатар оқу корпустарының техникалық құралдармен жабдықталуы, асхананың болуына да мән аударыңыз.
Жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы да маңызды орын алады. Басым бөлігінің ғылым докторлары мен ғылым кандидаттарының болуы магистрік және докторлық диссертацияны қорғауда жетекшілік жасауға мүмкіндік болады. Жоғары оқу орнының ғылыми беделін арттырып, жаңа ғылыми жобалалар жасауға көмек береді. Сонымен қатар шетелдік жоғары оқу орындармен академиялық байланыстары туралы да ақпараттар алу сіздің толық сол оқу орнын таңдауға деген сенімділікті арттырады.
Студенттік өмір тынысы да оқу орнын таңдауда өзіндік рөлі бар. Жастар ұйымы, студенттік клубтар, басқа да ұйымдар сонымен қатар студенттердің әлеуметтік мәселесін нақты шеше алатын орталықтың болуы да маңызды.
Сондай-ақ, жоғары оқу орны басшылығының ашықтығын және оның білім алушылармен кері байланысын ескеру маңызды.
Жоғары оқу орнын таңдауда сіздерге сәттілік тілейміз!