2025 жылдың 6 желтоқсанында Hanoi International Exhibition Center сахнасында өтетін 8WONDER Winter 2025 — Symphony of Stars фестивалі аясында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің дауысы шырқалады деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл фестиваль Вьетнамдағы ең ірі шаралардың бірі болып саналады және соның аясында әлемдік және жергілікті әртістерді біріктіріп, халықаралық деңгейдегі бірегей мәдени шараны қалыптастыруымен танымал.
Димаш Құдайберген «Жұлдыздар симфониясы» бағдарламасы аясында өнер көрсетеді — бұл бағдарлама көрермендерді дүниежүзілік музыканың белгілі әншілерімен таныстырады.
Онымен бірге сахнада келесі әртістер өнер көрсетеді: Алиша Киз, Ван Май Хыонг, Aespa, HIEUTHUHAI, MAYDAYS.
