Бектенов үш әкімге орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды

Бектенов үш әкімге орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды
Dalanews.kz коллажы

Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олжас Бектенов өңір әкімдеріне маңызды тапсырма берді.

"Әкімдер мен министрлер инвестиция тарту мәселелерімен күн сайын тікелей айналысуға тиіс. Бұл - ең маңызды мәселе. Инвестиция болмаса, экономикада ешқандай даму болмайды. Артта қалған өңірлердің әкімдеріне инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін өз орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Тізімде қай өңірлер бар?
  • Атырау облысында негізгі капиталға инвестициялар жөніндегі жоспардың орындалуы 42,8% болған.
  • Ұлытау облысында ірі компанияларға тәуелділік сақталып отыр: НКИ бойынша көрсеткіш - 61,5%. Өңірге орта кәсіпорындармен жұмысты күшейту тапсырылды.
  • Абай облысында НКИ бойынша көрсеткіш - 70,4% және ТШИ бойынша көрсеткіш -26,2%. Жабдықтарды жеткізіп берудегі кешіктірілуге байланысты мыс балқыту зауыты, күнбағыс майын тазарту цехы сияқты бірқатар өнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда түйткілді мәселелер туындап отыр.