Ақтөбеде әкесінің көлігін айдап кеткен 13 жастағы жасөспірім көз жұмды

Сағыныш Сардарова 30 қаз. 2025 14:46

Ақтөбеде жол апаты бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

27 қазанда Ақтөбе қаласының Бауырластар тұрғын алабында 13 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз алып, елді мекен аумағында қозғалыс кезінде көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі шұңқырға аударылған.

"Жол апаты салдарынан жасөспірім дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілген, алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, көз жұмған", - деді өңірдің ПД өкілі.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар