Жоғары аудиторлық палата 2026 жылы Жәбірленушілерге өтемақы қоры мен Арнайы мемлекеттік қордың қызметіне аудит жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы палата төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, биылғы аудиторлық іс-шаралар аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тексерілген.
Смайыловтың сөзінше, бюджеттен тыс қорлардың қызметін бағалауда ортақ әдістеменің жоқтығы олардың тиімділігін нақты анықтауға кедергі келтіріп отыр. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата Азия даму банкінің қолдауымен халықаралық тәжірибені зерделеуге кіріскен.
«Зерттеу нәтижесінде бюджеттен тыс ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленеді», – деді ол.
