Заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім қайта қаралатынын мәлімдеді. Ол Мәжіліс депутаты әрі танымал қазақ балуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан соққы жеген болатын, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Жоғарғы сотта Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты біздің іс бойынша әскери сот үкімі қайта қаралады. Әскери соттың үкімімен ол бұзақылық ниетпен екі адамның денсаулығына қасақана орташа зиян келтіргені үшін 107-баптың 2-бөлігі 1),5) тармағы бойынша 500 АЕК көлемінде жаза алды. Үкім өте жеңіл түрде тағайындалды. Әскери бөлімді тастап кеткені, берілген антты бұзғаны, қылмыс жасалған сәтте ішімдікке мас болғаны үшін қайталап жазалау түріндегі жазаны ауырлататын мән-жайлар есепке алынбаған.
...Біздің оқиғамызда әділдік орнайтынына үміттенемін! Бәрі әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне қарамастан заң мен сот алдында тең!" - деді ол.
Айта кетейік, Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққан болатын. Бұл оқиға былтыр 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болды. Іс халық тарапынан қоғамдық дау тудырды. Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook парақшасында жазды.
Алматы Полиция департаменті сол кезде бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты депутат Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.