Жыл сайын электр қуатына деген сұраныс артып келеді

Dalanews 25 шіл. 2021 02:29 806

Ел экономикасы дамыған сайын электр қуатына деген сұраныс артып келеді. Сарапшы мамандар алдағы уақытта Үкімет осы жайыттың алдын алуы керек екенін ескертуде. 2021 жылдың жарты жылдығында республика көлемінде 57 325,4 млн кВт/сағ қуат көзі өндірілген. Бұл 2020 жылдың есепті кезеңімен салыстырған 7,1 пайызға артық. Осы бір мәліметтен ел аумағында электр қуатына деген қажеттіліктің бір жылдың ішінде 7 пайызға жоғарлағаннын көруге болады.

Жалпы алғанда электр қуатын өндіру ісі барлық энергожүйеде байқалуда. Бұл жайында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Нарықты дамыту» департаментінің дайындаған жоба-жоспарында атап көрсетілгенін айта кетуіміз керек.

«Самұрық-Энерго» мекемесіне қарайтын кәсіпорындар соңғы алты айда 17 891,17 кВт/сағ қуат көзін өндіріп, 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 25,5 пайызға артық қуат көзін өндірген.

Осылайша халық пен өндіріс ошақтарының қуат көзін тұтыну мөлшері 2021 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 6 пайызға жоғарлап отыр. Тұтыну мен өндіру көрсеткішін салыстырып қарағанда өсім көрсеткіші тым жоғары екенін байқау қиын емес.

Осы ретте еліміздің өңірлерінде қуат көзін тұтынудың мөлшеріне көз жүгіртсек, 2020 жылы солтүстік аймақта өсіп – 6 пайызға, оңтүстікте – 10 пайызға, ал батысты – 2 пайызға жоғарлағанын байқаймыз.

«Самұрық-Энерго» сарапшылары 2021-2027 жылдар аралығында жыл сайын елімізде электр қуатына деген сұраныс 2,4 пайыз мөлшерінде болатынын алға тартуда. Ал 2027 жылы елімізде электр қуатының дефицит көрсеткіші 898 МВт болатынын болжап отыр.

Осы сұраныстың орнын толтыру үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ы елмізде қуат көзін өндіретін жаңа стансалардың құрылыс жұмыстарын жүргізіп, электр қуатын өндіретін кәсіпорындарды заман талабына сай қай жаңғыртып мәселені шешуге күш салуда.

Соңғы уақыттары елімізде қуат көзін өндіру ісі жаңғармалы (күн, жел, боиогаз стансалары және Шағын ГЭС-тер) қуат көзін өндіретін нысандары да өз үлесін қосып келеді. Айталық, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында бұл бағыт бойынша 2005,5 млн кВт/сағ қуат көзі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіз 1,4 пайызға жоғарлағанын байқалады.

Нұрлан ЖҰМАХАНОВ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар