Сонымен қатар күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаты дайын Қызылқұм ауылдық мәдениет үйінің құжаттарына сарптау қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылға республикалық, облыстық, немесе жергілікті бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарына ұсыныс жасаланбақшы.
«Туған жер» аранайы жобасын дамыту аясында Шарадар ауданында мәдени құндылықтарын насихаттау үшін имидждік өнімдер санын көбейту мақсатында кешенді жұмыстар қолға алынған. Имидждік өнімдер санын көбейту мақсатында барлық мәдениет үйлері мен кітапханаларға көрнекілік ретінде ауданымыздың мәдени-тарихи орындарын паш ететін кітапшалар ілінді. Сонымен бірге аудандағы өлкетану музейі мен тарихи орындар мен туристік орындарға баратын жол сілтегіш паспорттар (картасы) орнатылды. Барлық мәдениет ғимараттарына Рухани жаңғыруды паш ететін баннерлер ілінгенін де айта кетуіміз керек.
Аудан өнерпаздарының «Туған өлке мәдениеті» бойынша біршама жетістіктерін айтуға болады. 2018 жылы аудан өнерпаздары 235 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіп, 4 облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарынан көрінді.