Жыл басынан бері жетісулық дәрігерлерге 127 пәтер берілді
Облыс әкімнің айтуынша, денсаулық сақтау саласында биылғы жылы үш ауылдық дәрігерлік амбулатория іске қосылды, ал жалпы барлығы жеті нысан салынуда.
Облыс әкімі «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының елді мекендерді көркейтуге тиігізіп отырған оң әсеріне де тоқталып өтті. Аталмыш бағдарлама аясында төрт ауылдық мәдениет үйі жөнделген, үш саябақ ашылған, Талдықорған, Үштөбе қалаларындағы скверлер абаттандырылған.