Жетісудың үздік ұстаздары марапатталды

Dalanews 29 қыр. 2016 11:33 257

Алматы облыс әкімі Амандық Баталов Алматы облысының 2016 жылғы үздік мұғалімі атанған Жамбыл ауданы Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Нұрғазиева Гүлхан Елубайқызына «Shevrolet Аveo» жеңіл автокөлігінің кілтін табыс етті.

Сонымен қатар Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиында Жайлаубекова Назима Боранбайқызы басқаратын Қарасай ауданындағы «Бота» балабақшасы өңірдің «Үздік балабақшасы» атанып, 300 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ақсу ауданындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп – гимназиясы (директоры – Нұрахметов Берік Тұрсынбайұлы) «Үздік ауыл мектебі» атанса, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» (директоры – Жошыбаева Гүлнара Сағатқызы) «Үздік кәсіптік білім беру мекемесі» байқауында жеңіп шықты.

Ал Қапшағай қаласындағы №3 орта мектебінің мұғалімі Нарымбаева Жансая Байболатқызы «Үздік сынып жетекшісі» атағын жеңіп алды. «Қосымша білім беретін үздік мекеме» деп Көксу ауданындағы «Музыка мектебі» (директоры – Жапсарбаева Алтыншаш Сағаденқызы) танылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар