Жетісуда ұлтаралық татулықты нығайтуға бағытталған 4 ірі жоба қолға алынды

Dalanews 17 қар. 2020 09:20 1398

Ұлтаралық келісім – өркениет тірегі. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін сөз болғанымен оның артындағы жауапкершіліктің жүгі ауыр. Түрлі этнос өкілдерінің арасындағы татулық атты тудың тұғырынан түспегені маңызды. Бұл ретте Қазақстан халықтар Ассамблеясының атқарар қызметінің қыруар екені даусыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Ассамблея бүкіл халқымыз бірлесе көтерген ортақ бір шаңырақ». Оны қастерлеу баршаға парыз.

Тағдыр табыстырған, табаны Алатау мен Алтайдың атырабына тиген осынау ұлт пен ұлыстың ұйымшылдығы «Халықтар достығы» деген мәңгілік алаудың өшпеуіне кепіл. Дегенмен, соған қарамастан ел арасында сорпаның қайнауындай бұрқ ете қалатын тартыста болатыны жасырын емес. Осындай кикілжіңнің  алдын алу үшін жүйелі жоспар қажет.

Бұл тұста Алматы облыстық «Достық үйі» Қоғамдық келісім орталығы бірегей жобалар қатарын ел назарына ұсынып отырған жайы бар. Бұл туралы  «Достық үйі» директоры Сандуғаш Дүйсенова мәлімдеді.

Алғашқы баламасы жоқ жоба – Jer Janaty Jetisy.

Бұл  жастардың кәсібін  бастау үшін оқыту және гранттар бөлу арқылы кәсіпкерлік қызметті насихаттауға бағытталған.


«Жобаны құруға жас ұрпақ арасындағы этносаралық қақтығыстар түрткі болды, ал ол қақтығыстардың басты себебі – жастар арасында орын алған жұмыссыздық» дейді Сандуғаш Елубайқызы.

Жоба шеңберінде әлеуметтік сауалнама арқылы белсенді ауыл жастары іздестіріліп, одан кейін қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі. Ал оқу соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі. Сонымен қатар, жобаны ұйымдастырушылар мен кураторлар жас кәсіпкер бизнесін қолдау және алға жылжыту бойынша қолдау көрсетеді.

Келесі ұсынылып отырған іс-шара «Made in Jetisu» фестивалі. Бұл – шағын кәсіпкерлердің әлеуетін, жаңа бизнес идеяларды, тәжірибе алмасуды, этностардың Қазақстандық күн тәртібіне кіруін және кәсіпкерлікке оқытудағы жаңа тәсілдемені көрсуге бағытталған.

Фестивальдің мақсаты шағын бизнеспен айнылысатын және көп жағдайда үй өндірісінде отырған тұлғаларға жаңа деңгейге көшуді ынталандыру болып келеді. Ұлтаралық келісімді нығайту да осы жобаның ажырамас бөлігі болып табылады.

Жобаның негізгі міндеттері Жетісу өңірінің этномәдени орталықтарының алуан түрлілігін көрсету, сондай-ақ түрлі этнос өкілдері арасында кәсіпкерлерді ынталандыру және қолдау болып табылады. Фестивальді жүзеге асыру барысында келесі тақырыптар ұсынылады:

  • үйде бірегей өндіріс,

  • халықтың шығармашылық бөлімі,

  • инновациялар.

  • Мәдениет және жаңа технологияларды енгізу.


 

– Фестиваль аясында «Іскерлік мектеп» алаңы жұмыс істейтін болады. Жас кәсіпкерлер арасында кеңес беру және бейресми қарым-қатынас арқылы ұйымдастырушылар ең батыл бизнес-идеялардың туындауына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, фестиваль аясында кәсіпкерлер «Жылдың ашылуы» номинациясы бойынша қатысушыларды марапаттайтын болады, – деді «Достық үйі» Қоғамдық келісім орталығының директоры Сандуғаш Дүйсенова.


Фестивальге Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласы қатыса алады.

Еңбекке тарту арқылы, тәжірибе алмасу негізінде іске асатын келесі жоба –  «Qyryltai» халықаралық форумы.

Жоба ежелгі Жібек жолын жаңғырту арқылы идеологиялық ынтымақтастыққа бағытталған, ол адамдардың өз елінен шыққан этностармен еркін жүріп-тұру жолындағы барлық кедергілерді жоюға, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді нығайтуға оны одан әрі дамытуға көмектеседі.

Форумға ТМД елдерінен делегаттар қатысады. Қонақтар Қазақстан жерінде түрлі себептерге байланысты қалып қойған өз ұлтының тұрғындарымен, олардың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен таныса алады.

Форум барысында кәсіпкерлік, сауда және инвестиция саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері шешілетін болады. Форумға қатысушылар бірнеше бағыттарды тамашалай алады:

- Жастарға патриоттық тәрбие беру;

- Халықаралық және аймақаралық ынтымақтастықты дамыту

- Жастардың дәстүрлі отбасылық құндылықтарын қалыптастыру

- Қазақстандық бірегейлікті, барлық этностардың бірлігін қалыптастыру, мәдениетаралық және конфессияаралық диалогқа жәрдемдесу.

«Форум соңында «Этно-мода» байқауы өтеді, оның барысында түпнұсқалық және қайта жаңартылған костюмнен бастап, суретшілердің, модельерлердің, дизайнерлер мен стилисттердің футуристік, фантастикалық туындыларына дейін киімдегі этникалық стильдің барлық бағыттары ұсынылатын болады. Байқауға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жоғары және орта білім беру мекемелерінің дизайнерлері, оқытушылары мен студенттері қатысады» деген пайымда Сандуғаш Елубайқызы.

Ұлттар арасындағы ынтымақтастықты насихаттауды көздеген жобалар қатарында өлкеміздің тарихы мен мәдениетін , болмысындағы даралығын көпке көрсетуде назардан тыс қалмаған. Оның дәлелі «Этно-ауыл Jailau» жобасы.

Жобаның мақсаты – Алматы облысында этно-ауыл құру. Ұлттық-мәдени кешеннің келушілері – Жетісуда тұратын өзге этнос өкілдерінің бай тарихын, мәдениетін, өнерін және дәстүрлерін тамашалай алады. Кез келген адам, өркениеттің этномәдени ортасына еніп, түрлі этностардың мерекелік өмірінен толық ләззат ала алады.

– Осы жобаны іске асыра отырып, елдің тарихи және мәдени мұрасын насихаттауға, құнсыз салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың рухани қазынасының ұлғайуына үлкен ықпал етуге мүмкіндігіміз бар, – дейді Сандуғаш Дүйсенова.


Кешенде түрлі этностардың тағамдары, салт-дәстүрлері, сондай-ақ ұлттық киімдер ұсынылатын болады.

Келушілер үшін шеберлік сыныптары, Тілдік курстар, тігу және  кестелеу сабақтары өткізіледі, сондай-ақ келушілер би билеп, түрлі музыкалық аспаптарда ойнауды үйрене алады.

Жобаны іске асыру барысында Қазақстан үшін бірегей тур-өнім жасалады, ол Алматы облысының туризм саласын дамытуға тамаша қосымша бола алады.

Сандуғаш Дүйсенова сондай-ақ, бүгінгі күні жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мекеме басқа басқармалармен және департаменттермен ынтымақтастық үшін меморандумдар дайындау үстінде.

Анар Сабырова, Алматы облысы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар