Жетісуда сахна саңлақтарына арналған шығармашылық кеш өтті

Ақтоты Жапатова 04 қар. 2025 16:16

Жетісу облыстық Бикен Римова атындағы драма театрында қазақ өнерінің майталмандары — Қазақстанның халық артисі Алмахан Кенжебекова мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбайұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Өнерде – 50, өмірде – 75» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Іс-шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, белгілі театр және кино қайраткерлері Тұңғышбай Жаманқұлов, Нұрқанат Жақыпбай, Дариға Тұранқұлова және өнер сүйер қауым қатысты.

Кеш барысында сахна саңлақтарының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұсынылып, олардың қатысуымен түсірілген фильмдер мен спектакльдерден үзінділер көрсетілді.

«Өнерде де, өмірде де тағдыр жолы тоғысқан сахна саңлақтары көп емес. Сіздердің есімдеріңізді біз әрдайым құрметпен атаймыз. Жетісу театрының қалыптасуына қосқан еңбектеріңіз ұмытылмайды», — деді деді әкім Бейбіт Исабаев.

Кеште Абай атындағы опера және балет театрының әртістері, «Қоңыр» тобы мен «Иль-Канто» квартеті өнер көрсетті.

Мерейтойлық шараның мақсаты — ұлттық сахна өнерінің дамуына зор үлес қосқан қос майталманның шығармашылық жолын дәріптеу және жас актерлерге өнеге ету.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар