Жетісуда мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Сағыныш Сардарова 23 қыр. 2025 17:58

Жетісуда мерзімді әскери қызметші оқ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Жетісу гарнизонында жауынгерлік дайындық кезінде арты өлімге әкелген оқиға болған.

Мерзімді әскери қызметші қауіпсіздік ережелері сақталмау салдарынан оқ жарақатын алып, сол жерде қаза тапқан.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қорғаныс министрі тергеуді жеке бақылауына алды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылында орналасқан №01098 әскери бөлімінде 19 жастағы мерзімді сарбаз Дінмұхамед Шынарбек өлі табылды. 

Марқұмның әпкесінің сөзінше, 2024 жылы күзде әскерге Даниял Шынарбек шақырылса, көктемде оның егізі Дінмұхаммед әскер қатарына алынған. Екеуі де Отар гарнизонында қызмет еткен.

Отбасына марқұм суицид жасады деген хабар жеткен, алайда туған-туыстары бұл нұсқаға сенбейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар