Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінгі күні дәнді дақылдардың 233,3 мың гектары немесе 72% жиналған. Әр гектардың өнімділігі орта есеппен 17,6 центнерден айналуда. Жалпы жетісулық шаруалар 411 мың тонна астық бастырылды.
– Себілген 80,6 мың гектар майлы дақылдардың 2,2 мың гектары, соның ішінде 1,3 мың гектары мақсары, 0,5 мың гектары майбұршақ, 0,1 мың гектары зығыр. Бүгінде майлы дақылдардың, 2,4 мың тоннасы жиналып, орташа гектар өнімділігі – 10,9 центнерді құрады.
Ал картоп алқабының 50,4% немесе 6 мың гектары қазылып, 122,6 мың тонна жиналды, әр гектардан 205,2 центнерден шықты. Көкөніс-бақша дақылдарын жинау жұмыстары аяқталуға жақын. 9,3 мың гектардың 7,8 мың жиналып, 227,8 мың тонна өнім жиналған. Әр гектардан 291,4 центнерден өнім алынды, – деді басқарма мамандары.
Ал қант қызылшасын жинау жұмыстары 10 қыркүйектен басталып, бүгінгі күні 210 гектар алқаптан 8,2 мың тонна тәтті түбір жиналды, өнімділігі 399,2 цн/га құрап отыр.
Егін орағына 993 комбайн жұмылдырылып, бір астық қабылдау пункті, 380 астық қоймасы мен 81 механикаландырылған қырман дайындалды.
Күзгі дала жұмыстарына 7,9 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, бүгінгі күнге дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 1,9 мың тонна дизель отыны жеткізілген.
Жалпы биыл ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға облыс бойынша 23,5 млрд теңге қарастырылса, соның 10,3 млрд теңгесі егін шаруашылығына бағытталды.
Еске салсақ, биыл Жетісу облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңы 1,8 мың гектарға ұлғайтылып, 519 мың гектарды құрады. Өткен жылы дәнді дақылдар 847,3 мың тонна болса, биыл бұл көрсеткіш – 875,3 мың тонна болып отыр.