Жетісуда 101 мың адамға вакцина салынды

Dalanews 22 сәу. 2021 08:44 744

Алматы облысында осы жылдың 20 сәуіріндегі мәлімет бойынша, инфекцияға қарсы вакцинаның І компонентін 101 477 адам салғызған, тағы 10 432 адам ІІ компонентін алды. Бұл туралы Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, вакцинаның І компонентін салдырғандардың 17 мыңнан астамы – медициналық мамандар, 25 мыңдайы – педагогтар, сол сияқты учаскелік полициялар, студенттер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және т.б. бар.

ІІ компонентін 7298 медицина маманы, 2801 педагог, сол сияқты учаскелік полициялар, мемлекеттік қызметшілер және басқалар салдырды. 


Е.Сыдымановтың айтуынша, өңірде вакцинадан кейінгі кері әсер мен асқынулар тіркелмеген.

Атап өтсек, Алматы облысында 239 егу пункті, 134 көшпелі бригада жұмыс істейді. Әр пункт 7 мыңнан астам адамды қабылдай алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар