Жетісу университетінде италиялық сарапшымен кездесу өтті

Ақтоты Жапатова 17 сәу. 2026 14:49

Жетісу университетіне италияндық жазушы, эколог, Орталық Азия аймағы бойынша сарапшы Роберто Болтри келіп, университет басшылығымен, Гуманитарлық факультет ұжымы, студенттерімен және Халықаралық ынтымақтастық орталығының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ғылыми жұмыс және интернационалдандыру жөніндегі проректор Алефина Бахтаулова қонаққа Жетісу жері, университет жайлы ақпарат берді.

Гуманитарлық фаультет деканы Р. Желдібаева факультеттің тыныс тіршілігімен таныстырса, Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Т. Қилыбаев университеттің сыртқы байланысы туралы мәлімет берді. Кездесу барысында Роберто Болтри өзінің Орта Азиядағы жүзеге асырған халықаралық жобалары, соның ішінде Арал теңізіне қатысты экологиялық жобасын таныстырды. Сонымен қатар, ол өзінің жеке туындысы - “Ұмытылған қасірет” кітабы туралы айтып, бірнеше данасын Тарих және әлеуметтік пәндер кафедрасына тарту етті.

Роберто Болтри іссапар аясында Жетісу университеті жанындағы Марке политехникалық университетінің филиалында болды. Жазушы, эколог “Агрономия” қос дипломды бағдарламасының студенттерімен және италияндық оқытушы Марко Фиорентинимен кездесті. Екі ел арасындағы мәдени байланыс, білім беру саласындағы ынтымақтастық жайлы мазмұнды әңгіме өрбіді. Кездесу соңында Болтри мырза Экология кафедрасының меңгерушісі профессор Ж. Қанағатовқа экология тақырыбына байланысты өзінің авторлық кітаптарын сыйға беріп, экология бағытында кеңес беруге әзір екенін айтты.

Сонымен қатар, шетелдік қонақ Биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институты ғылыми зертханаларының жұмысымен танысып, Жетісу университетінің халықаралық ғылым кеңістігінде табысты болуын тіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove