Freedom Inside '26

Жетісу университетінде «Жасанды интеллект және цифрлық трансформация» апталығы басталды

Жетісу университетінде «Жасанды интеллект және цифрлық трансформация» апталығы басталды

Жасанды интеллект саласындағы ғылым мен технологияны дамыту және елімізді жаһандық ғылыми-техникалық кеңістікке интеграциялау мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жасанды интеллект» апталығы басталды.

     Апталықтың ресми ашылуында Физика-математика факультеті «Жасанды интеллект және цифрлық трансформация» іс-шарасын ұйымдастырды. Одан кейін «Білім берудегі жасанды интеллект» тақырыбында семинар өтті. Оған білім ордасының профессор-оқытушылары, магистранттары, студенттері қатысты.

Семинар барысында информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушылары А. Есейқызы мен Г. Кастеева баяндама жасап, жасанды интеллекттің білім беру саласындағы рөліне тоқталды. Іс-шара соңында «Жасанды интеллект адамды алмастыра ала ма?» тақырыбында қызу пікірталас болды.