Жетісу полицейлері джиу-джитсудан әлем чемпионатында алтын алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Турнирге әлемнің 58 елінен 970-тен астам спортшы қатысты.
Полиция майоры Қуандық Есенеев пен полиция аға лейтенанты Дәурен Ауданбаев 85 және +94 кг салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді.
Тергеуші Шахноза Таджиева +52 кг салмақ дәрежесінде әйелдер арасында бірінші орынға ие болды.