Жетісу облысының лауазымды тұлғалары сотталды

Қаракөз Амантай 17 қаз. 2024 15:19 3880

Жетісу облысы Сарқан ауданында аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Соттың дерегінше, Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға бөлінген 74,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған.

"Прокурорлық тексеріс арқылы объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат жұмсалып кеткенін көрсетті. Сарқан ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, іс сотқа дейін жеткізілді.

Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.", – делінген Жетісу облысы прокуратурасы таратқан хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар