Жетісу облысында төрт көлік соқтығысты: қаза тапқан адам бар

Сағыныш Сардарова 02 ақп. 2026 15:02

Жетісу облысында төрт көлік соқтығысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

31 қаңтарда Талдықорған – Текелі тасжолында төрт көлік жол апатына ұшыраған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам медициналық мекемеге жеткізілді. Ауруханаға жеткізілгендердің біреуі көрсетілген медициналық көмекке қарамастан қайтыс болды", - деді Жетісу облысы ПД өкілі.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі оқиға болған күні қамауға алынған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove